Қазақстандық спортшы UFC-дің экс-файтеріне қарсы кездесу өткізеді

Григорий Попов. Сурет: UFC©️

Аралас жекпе-жекте жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы Сержан Сапарғалиев (3-6) келесі кездесуін UFC ұйымының бұрынғы спортшысы ресейлік Григорий Поповқа (13-4) өткізеді. Бұл кездесу 27 тамыз күні NFC 33 турнирінде болады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

26 жастағы Сапарғалиевтің жеңісіне қарағанда жеңілісі көп. Бірақ ол NFC ұйымындағы ең мықтылардың қатарында. Бұл ойында қазақстандық спортшы үш кездесу өткізіп, екеуінде жеңіске жеткен. 

2020 жылдың қаңтарында Сержан қырғызстандық Айжігіт Еркебайға (0-1) қарсы кездесу өткізіп, бірінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірген. Ал қазан айында Аслан Орады (3-1-1) төрешілердің шешімі бойынша жеңді. 

Биыл қаңтар айында Сапарғалиев соңғы кездесуін Фарход Машраповқа (1-1) қарсы өткізіп, тағы нокаутпен жеңіске жетті. 

Ал Попов болса жеңіл салмақта танымал спортшылардың бірі. Григорий 2019 жылы UFC ұйымында өнер көрсетті. Мұнда ол екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңілді. Оның менеджері қазақстандық Саят Әбдірахманов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: