Қазақстандық файтер Сергей Морозов (17-6) Хьюстонда өткен UFC 271 турниріндегі жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Морозов бразилиялық Дуглас Силва де Андрадемен (28-4-0-1) айқастың екінші раундында "ұйықтап" қалды.
"Кешегі жекпе-жекке қатысты ойымды айтсам. Мен барлық жағынан дайын болдым, ментальді, функционалды, техникалық тұрғыда да. Үш жарым айдай дайындалдық. Маған жақсы сөз жазып, қолдап жатқандарға алғыс білдіремін. Бонусқа қатысты, ұйым менің өнерімді бағалағаны қуантады. Иншаллах, бұдан мықтырақ болып оралуға уәде беремін. Сонымен қоса, осында жүрген, сөзбен де іспен де жәрдемдескен достарым мен жерлестеріме айтарым, шын жүректен, мұны өте бағалайтынымды айтқым келеді", - дейді Морозов Instagram желісінде жариялаған видеода.