Қазақстандық спортшы UFC-дегі екі айқас үшін қанша табыс көргені белгілі

19 шілде 2021 10:34
Сурет: instagram.com/combatsportsinvesting

Қазақстандық файтер Сергей Морозов UFC-дегі бірінші жеңісі үшін қанша табыс көргені белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

18 шілдеде Морозов Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 31 турнирінде германиялық Халид Таханы төрешілер шешімімен жеңді.

Thesportsdaily.com ақпараты бойынша, Морозов бұл жекпе-жегі үшін 24 мың доллар алған (жекпе-жек үшін 10 мың доллар, жеңіс үшін 10 мың және жекпе-жектен бір апта бұрын 4 мың доллар сыйақы). Ал Таха 24 500 доллар алды (жекпе-жек үшін 20 мың доллар және жекпе-жектен бір апта бұрын 4 500 доллар ынталандыру төлемі).

Еске салайық, Морозов UFC-дегі бірінші кездесуін қаңтарда өткізіп, Умар Нурмагомедовтен (13-0) екінші раундта жеңілген. Бұл кездесу үшін ол 13 500 доллар (10 000 доллар - жекпе-жек үшін, 3 500 доллар - ынталандыру төлемі). Осылайша, Морозов UFC-дегі екі айқас үшін 37 500 доллар алған. 

Айта кетейік, енді ақтөбелік спортшының есебінде нокаутпен сегіз жеңіс, үш сабмишен және төрешілердің шешімімен алты жеңіс бар. Тахаға келер болсақ, ол UFC-де бесінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіліс тапты. Оның еншісінде тек бір жеңіс бар.