Қазақстандық спортшы нокаутпен жеңілгеннен кейін ауруханаға түсті

12 сәуір 2021 17:45
Гойти Дазаев. Сурет: allboxing.ru©

Қазақстандық файтер Гойти Дазаев AMC Fight Nights турниріндегі нокаутпен жеңілістен кейін дәрігерлер көмегіне жүгінген,- деп хабарлайды РЕН ТВ.

Спортшының білегі мен табан сүйегі сынған, сонымен қоса бас жарақаты бар. Дазаевқа Мәскеуде операция жасау ұсынылды, алайда, ол бас тартты. 

Еске салайық, қазақстандық чемпиондық жекпе-жекте ресейлік Дмитрий Бикревке есе жіберді. Дазаев екі раунд бойы басым болып тұрды, бірақ, үшінші раунд басында бірнеше ауыр соққы өткізіп алды. 

Бұл 30 жастағы қазақстандықтың карьерасындағы үшінші жеңіліс, сонымен бірге ол он рет жеңіске жетіп, бір рет тең түскен.