MMA
20 мамыр 2024 11:13

Қазақстандық спортшы қыз АҚШ-та "секс құлдыққа түсіп кетуге шақ тұр"

©Fight.ru

UFC ұйымыныда алғашқы қазақстандық бұрымды Мария Агапова (10-4) әлеуметтік желіде пост жариялап, қиын жағдайға қалып отырғанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

Ол қазір үйсіздерге баспана беретін жер іздеп жүр екен.

"Бір аптадан кейін үйсізге айналамын. Бұл Америкадағы өмірімнің классикасына айналып барады. Тура UFC-дегі келесі жекпе-жегімнің алдында. Келесі аптада үйсіздерге баспана беретін жер іздеймін, өйткені адамдарға сенуден қалдым. Пәтер жалдауға ақшам болмаған соң, қайда болса сонда түнеп жүрмін. Адамдар мені пайдаланып жүр және өмірімді аяқ асты етуде. Соның ішінде мені сыртымнан секс құлдыққа сатып жібермек. Адамды пайдаланбай, оларға көмектесетін қайырымдылық ұйымдарды білетіндер болса, жазып жіберіңдерші. Флорида штаты", - деп жазыпты спортшы Instagram стористе. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport