Қазақстандық спортшы Fight Nights чемпионымен жекпе-жекке шығады

30 наурыз 2021 11:28
Сурет: FIGHT NIGHTS

Fight Nights Global қазақстандық файтер Гойти Дазаев (10-2-1) пен жартылай орта салмақта промоушен чемпионы ресейлік Дмитрий Бикрев (12-3-1) арасындағы титулды жекпе-жек туралы құлақтандырды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл айқас 10 сәуір Мәскеуде өтетін AMC Fight Nights 100 турнирінде болады.

"Деревяшка" лақап атты астаналық көрермендердің сүйікті спортшысы қатарынан жеті жеңіс сериясын үзбей келеді. 2019 жылы 6 сәуірде Максим Буторинге қарсы жекпе-жекте екі спортшы да мінез бен жігерлік танытып, көреремендерге 25 минут нағыз айқас көрсетті. Жеңіске жеткен Бикрев белбеуді әлі де ешкімге берер емес!

Гойти Дазаев AMC FIGHT NIGHTS ұйымына былтыр 9 қыркүйекте басып кіріп, белбеуге үміткер сол бір Максим Буторинді жеңді. Мықты қарсыласты жеңу қазақстандық файтерге Мәскеу чемпионын жекпе-жекке шақыруға мүмкіндік берді", - делінген промоушен хабарламасында.

Метки: