Қазақстандық спортшы Емельяненконы нокаутпен жеңген файтерді неге жекпе-жекке шақырғанын түсіндірді

22 қыркүйек 2020 09:52
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Артем Резников Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында "Тақырбас жыртқыш" лақап атты дағыстандық Магомед Исмаиловті неге жекпе-жекке шақырғанын түсіндірді. Бұл кездесу жартылай орта салмақта өтуі мүмкін.

Демалыс күндері Мәскеуде өткен АСА 111 турнирінде Резников шешенстандық "Бөрі" Юсуф Раисовты төрешілер шешімімен жеңген болатын. Осыдан кейін қазақстандық спортшы екі дивизион жоғары өнер көрсетіп жүрген Исмаиловты жекпе-жекке шақырды.

- Артем, неге Исмаиловты шқырдыңыз?
- Өйткені Магомед бір кездері Эдуард Вартанянға 77 келіде жұдырықтасуды ұсынған. Мен үшін бұл жақсы мүмкіндік. Көп салмақ түсірмейсің. Магомед те біраз бұлшық етін тастайды.

- Кейінгі жекпе-жек үшін қанша салмақ түсіру керек болды? 77 келі 70-ке қарағанда жайлы болар.
- 84 келіден тастаймын. 77 сөзсіз жеңіл болады.