Қазақстандық файтер Артем Резников жеңіл салмақта АСА чемпиондығы үшін айқасқа түседі. Бұл туралы лиганың Instagram аккаунты хабарлап отыр.
Қазақстандықтың қарсыласы қазіргі чемпион "Арыстан" лақап атты шешенстандық Абдул-Азиз Абдулвахабов болады. Жекпе-жек қыркүйекке белгіленген.
"Жеңіл салмақ рейтінгінде бірінші тұрған Артем Резников чемпиондық белбеуге үміткер екені белгілі. Оның Абдул-Азиз Абдулвахабовқа қарсы айқасы қыркүйекте өтетін күзгі турнирлердің біріне жоспарланып отыр. Артем ұйымда үш жеңіске жетті, сондықтан титулға айқасу мүмкіндігін заңды иеленді", - дейді АСА вице-президенті Асланбек Бадаев.