Қазақстандық спортшы Алматыдағы Хабибтің турнирінде дағыстандық "Жолбарыстың" інісіне есе жіберді

18 маусым 2021 18:20
Виталий Радионов (оң жақта). Сурет: Vesti.kz. Ернар Алмабек©️

Қазақстандық Виталий Радионов Алматыда UFC жұлдызы Хабиб Нурмагомедовтың лигасы өткізіп жатқан EFC 37 турнирінде жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қарағанды тумасы ММА-дегі бірінші айқасын өткізді. Турнирді ашқан жекпе-жекте оның қарсыласы дағыстандық Шамиль Магомедов болды. Ол Bellator промоушеніндегі Магомед "Жолбарыс" Магомедовтің інісі. Магомед карьерасында Петр Янды жеңген және америкалық промоушендегі ең мықты файтерлердің бірі. 

Жекпе-жек толық үш раунд өтті. Бұл кездесуде Магомедов төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

 

 

 

Сурет: Vesti.kz. Ернар Алмабек©️