Қазақстандық Рахмонов Нурмагомедовке қатысты ойын айтты

25 қазан 2022 12:04
©mmajunkie.usatoday.com

UFC файтері Шавкат Рахмонов ресейлік Абубакар Нурмагомедовтің отандасы Гаджи Омаргаджиевті жеңгеніне қатсты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің немере інісі Абу-Дабидегі UFC 280 турнирінде жеңіске жетті.

"Өте жақсы айқас, екеуі де мықты жұдырықтасты, екеуі де шаршап қалды. Абубакар анық жеңді, солай ойлаймын. Күтпеген ештеңе болмады. Абубакар көптен бері жұдырықтаспаған сияқты. Бұл жекпе-жек кезінде өзіңді қалай сезінетініңе әсер етеді. Ол толық ашыла алмағаны байқалып тұрды", - дейді Рахмонов "Ушатайка" YouTube арнасына берген сұхбатында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport