Қазақстандық промоушен тағы бір UFC өкілімен келісімшарт жасады

21 қыркүйек 2021 13:42
©ufcespanol.com

Қазақстандық Naiza Fighting Championship (NFC) промоушені UFC ұйымының бұрынғы өкілі Валмир Лазаромен келісімшарт жасағанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ұйымның Instagram желісінде таратқан ақпаратына сүйенсек, келісімшарт ұзақ мерзімге жасалған. 

Лазаро аралас жекпе-жекте 19 кездеуде жеңіске жетіп, 7 айқасында жеңілген. Ол 70 келі салмақта Бразилия намысын қорғайды. 

Айта кетейік, Лазаро 2015 жылдың қараша айында отандасы Мишель Празерестен жеңілгеннен соң UFC ұйымынан шығарылған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: