MMA
13 маусым 10:45

Қазақстандық ноғай дағыстандық "Пираньямен" бетпе-бет келді

©instagram.com/fightnights/

Бүгін, 13 маусымда қазақстандық ММА файтері Фаниль "Ноғай" Рафиков бокс ережесі бойынша екінші жекпе-жегін өткізеді, сообщают Vesti.kz.

Екі спортшы да негізінен ММА-де өнер көрсетеді

Алматыдағы жекпе-жек кешінде оның қарсыласы дағыстандық Мариф Пираев, "Пиранья" лақап атты бұл спортшы MMA-де өнер көрсететінімен белгілі. Бұл айқас Fight Nights промоушені өткізетін кештің басты оқиғасы болады.

Пираев үшін бұл бокстағы дебют.

Кеше қарсыластар көз арбасу рәсімін өткізді.


Айта кету керек, Фанильдің әуесқой бокста үлкен тәжірибесі бар, спорт шебері атағына дейін жеткен. Бұл алдағы жекпе-жекке қызығушылықты одан сайын арттырып отыр.

Еске салайық, "Қазақстандық Макгрегор" лақап атымен танымал Рафиков кәсіби бокстағы дебютін биыл ақпанда өткізген. Ол Павлодарда өткен бокс кешінде ресейлік Ахмед Алиевті алты раунд қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңген

Сондай-ақ, Рафиковтың ММА-дегі кейінгі жекпе-жегі де сәтті өткен. Ол Naiza 68 турнирінде ирандық спортшы Мохаммад Хейбатиді жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport