Қазақстандық NFC чемпионы қарсыласын екінші раундта берілуге мәжбүр етті

22 тамыз 2021 11:19
Асу Алмабаев. Сурет: M-1 Global©️

Қазастандық файтер Асу Алмабаев Brave CF промоушеніндегі бірінші айқасында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматыда өткен турнирде оның қарсыласы Александр Доскальчук болды, украиналық спортшы да осы промоушенде алғаш рет жұдырықасты. 

Асу 2020 жылдың қаңтарынан бері айқас өткізбеген. NFC чемпионы атанғаннан кейін, ол Brave CF лигасына ауысты. 

Доскальчук болса 2018 жылдан бер жекпе-жек өткізбеген. Ол тіпті UFC промоушенімен келесімшартқа отырған, алайда, бірінші айқасын өткізбей жатып допинг үшін 14 айға шеттелді. Ал кейін Brave ұйымына өтті.

Өте жеңіл салмақтағы жекпе-жек екінші раундта аяқталды - Алмабаев қарсыласын қылқындырып тастады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: