Қазақстандық Морозов UFC-де жеңіске жетті

26 маусым 2022 10:18
©UFC

Қазақстандық ММА шебері Сергей Морозов UFC промоушеніндегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) UFC Vegas 57 турнирінде отандасымыздың қарсыласы бразилиялық Раулиан Пайва болды. Бірінші раундта Морозов жойқын соққылар жасады. Алайда раунд оңтүстік америкалықтың үстемдгімен өтті. Екінші раундта Сергейдің дәл соққылары аз болғанымен, белсендірек болды. Ал соңғы үшінші раундта Пайваның шаршап қалғаны байқалды. Нәтижесінде шиеленісті өткен айқастың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Сергей Морозовқа берді.

Еске салайық, жеңіл салмақта 2020 жылы Раулиан Пайва қазақ файтері Жалғас Жұмағұловтан басым түскен еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport