Қазақстандық Морозов UFC-де екінші рет "ұйықтап" қалды

13 ақпан 2022 12:03
©instagram.com/ufcrussia/

Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Сергей Морозов (17-6) UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде жеңілді. Хьюстонда (Техас, АҚШ) өткен UFC 271 турнирінде 32 жастағы ақтөбелік спортшы алдын ала кардта өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz

Морозовтың қарсыласы америкалық промоушенде оныншы жекпе-жегін өткізген 36 жастағы бразилиялық Дуглас Силва де Андраде (28-4-0-1) болды.

Бірінші раундта қазақстандық спортшы қарсыласының жағынан дәл тиіп, бразилиялық нокадаунға түсті және қабағы жарылды. Беті қанға боялған Дугласты Морозов бірнеше рет партерге жатқызған болатын.

Алайда екінші раунд басында Морозовтың өзі нокдаунға түсті, одан кейін раунд ортасында бразилиялық Сергейді канвасқа құлатып, қылқындыру әдісімен жеңді.

Силва де Андраде үшін бұл қатарынан екінші жеңіс. Енді оның UFC-дегі есебінде төрт жеңіліс, алты жеңіс бар. Алайда ол карьерасында екінші рет қана сабмишенмен жеңіп отыр. 

Морозовқа келетін болсақ, ол өткізген үш жекпе-жекте екінші рет сәтсіздікке ұшырады. Ол былтыр қаңтарда ресейлік Омар Нурмагомедовтан (13-0) жеңілген болатын. 

Еске салайық, турнирдің басты жекпе-жегінде титулдық реванш болады, орта салмақтағы қазіргі чемпион Исраэль Адесанья (21-1) мен белбеудің экс-иегері Роберт Уиттакер (23-5) кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport