Naiza лигасының чемпионы Әліби Ыдырыстың UFC промоушенімен қашан келісімшартқа отыруы мүмкін екені белгілі болды, деп жазады Sports.ru.
Бұл туралы аталмыш лиганың президенті Нұрбек Қарабала айтты:
"Алдын ала ешнәрсе айтпай-ақ қояйын. Себебі ол ертең жекпе-жекке шығады. Спортта түрлі жағдай орын алуы мүмкін. Мен оны алғашқы айқастарынан бастап білемін. Тіпті ең алғашқы айқасына кешігіп қалған. Әлібиді көлігіме салып апарғам. Енді ертең жеңіске жеткен жағдайда UFC-ге бармағанда қайда барады? Қазіргі таңда келіссөздер жүргізіп жатырмыз", - деді Қарабала.
Еске салайық, Naiza 42 турнирі аясында Әліби бразилиялық Мадругиге қарсы екінші рет чемпиондық белбеуін қорғайды. Кездесу 25 тамызға жоспарланған.