Қазақстандық ММА шебері UFC жұлдызына айналуы мүмкін

5 қаңтар 2022 11:02
©championat

Аралас жекпе-жекте жеңіліс көрмеген отандасымыз Шавкат Рахмонов болашақта UFC жұлдызына айналуы мүмкін, деп жазады Givemesport.com сайты.

"Қазақстандық Шавкат Рахмонов әлі күнге дейін БАҚ өкілдерінен лайықты бағасын алмады. Алайда Алекс Оливейра мен Мишель Празересті жеңгеннен кейін оның мәртебесі жоғарылағаны белгілі. 27 жастағы спортшы карьреасында 14 айқастың бәрінде басым түскен. Болашақта Рахмонов UFC промоушнында биік белестерді бағындыруы мүмкін", - деп жазады басылым.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов UFC-де екі кездесуінде тәжірибелі Алекс Оливейра (22-11-1-2) мен Мишель Празересті (26-4) қылқындыру әдісімен жеңген еді.

Енді жерлесіміз аталмыш промоушндағы үшінші айқасын 5 ақпанда гайаналық Карлстон Харриске (17-4) қарсы өткізеді. Қазіргі таңда Рахмонов дайындығын АҚШ-та бастап кетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: