Қазақстандық менеджер Петр Янның келесі қарсыласы кім болатынын айтты

27 сәуір 2022 15:38
©instagram.com/sayatus/

Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Петр Янның менеджері Саят Әбдірахманов ресейлік файтердің келесі қарсыласы кім болатынын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Жуырда Роб Фонта мен Марлон Вера арасындағы кездесу өтеді. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы Янның қарсыласы болуы мүмкін. Сонымен қатар, Доминик Круз да Петрдің қарсыласы болуы әбден ықтимал. Осы үш файтердің бірімен Ян келесі кездесуін өткізеді. Мераб Двалишвили туралы айтатын болсақ, онымен кездесу өткізбейміз. Себебі, біз оның жауабын осыған дейін ұзақ күттік. Бізге қазір бұл кездесу мүлде қызық емес", - деді Әбдірахманов "Вестник ММА" YouTube арнасына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, Петр Ян соңғы кездесуін америкалық Алджамейн Стэрлингке қарсы өткізді. UFC 273 турнирінде өткен бұл жекпе-жекте америкалық төрешілердің шешімі бойынша жеңіп, чемпиондық атағын сақтап қалды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport