Қазақстандық Мария Агапова UFC ұйымында екінші мәрте жеңіліс тапты

6 наурыз 2022 07:51
©UFC

Жаңа ғана Лас-Вегас қаласында UFC 272 турнирінде қазақстандық Мария Агапова (10-3) мен украиналық Марина Мороз (11-3) арасындағы жекпе-жек аяқталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Аталған турнирдегі айқаста отандасымыз екінші раундта сабмишинге түсіп қалды. 

Айқастың бірінші раундының көп бөлігі украиналық спортшның басымдығымен өтті. Әсіресе Мороз партерде өте белсенлі болды. Бірінші кезеңнің өзінде Маринада қылқындыру әдісін жасауға ниетті болған еді. Бірақ Агапова қарсыласқа бұл әдісті жасатпады. 

Екінші раундта да украиналық бірден басымдықты өз қолына алды. Ол бірден тейкдаунмен бастады. Сөйтіп партерде қазақстандық спортшыға соққыларын дарыта білді. Ал раундтың аяқталуына бір минут қалғанда Мороз қылқындыру әдісін іске асырды. Осы сәтте Агапова берілді. 

Осылайша, отандасымыз UFC ұйымындағы екінші кездесуінде жеңіліс тапты. 

30 жастағы Мороз болса бесінші жеңісіне қол жеткізді. Оның еншісінде үш жеңіліс бар. Соңғы мәрте Марина осыдан екі жыл бұрын жеңіске жеткен болатын. 

Айта кетейік, аталған турнирдің басты айқасында жартылай орта салмақта өнер көрсететін америкалық файтерлер Колби Ковингтон (16-3) мен Хорхе Масвидаль (35-15) кездеседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport