Қазақстандық Мария Агапова октагонға қашан оралатынын айтты

24 шілде 2022 14:30
© Вестник MMA

Қазақстандық Мария Агапова UFC-ге қашан оралатанын айтты, деп хабарлайды, Vesti.kz тілшісі.

Ол 31 шілде күні Далласта (Техас, АҚШ) UFC 277 турнирінде Оңтүстік Кореялық Джи Ен Кимге қарсы өнер көрсетуі керек болатын. Алайда жарақатына байланысты сайыстан бас тартты. 

"Жарақат орнындағы ісік қайтты. Енді бұлшықеттерді нығайтуға кірістік. Мен ММА жаттығуларына келесі апта кірісіп, октагонға қыркүйек соңында ораламын. Қазір менің менеджерім жаңа қарсылас іздеуде. Тезірек қалпыма келіп, қыркүйектің соңында төбелесе аламын деп үміттенемін", - дейді Агапова өз Instagram парақшасында. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport