"Қазақстандық МакГрегор" Қуат Хамитовті жеңген экс чемпионмен қайда айқасатыны белгілі

©meta-ratings

Naiza лигасында өнер көрсететін қазақстандық файтер Фаниль Рафиков (21-6) келесі жекпе-жегін қайда өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sports.ru.

"Қазақстандық МакГрегор" лақап атымен белгілі Рафиковтың қарсыласы әзірбайжандық Нариман Аббасов (28-4).

Бұл кездесу 18 наурыздағы Naiza 50 турнирі аясында "Жекпе-жек" спорт кешенінде болады. Бұл турирдің басты айқасы. 

Еске салайық, Рафиков Naiza чемпионы болған. Ал кейінгі жекпе-жегінде ол бразилиялық Бонифаций Сильваны 23 секундта нокаутқа түсірген.

Аббасов болса AMC Fight Night лигасының экс чемпионы. Нариман 2019 жылы қазақстандық Қуат Хамитовті жеңіп, осы AMC титулын иеленген болатын. Кейін әзірбайжандық спортшы Dana White Contender Series турнирінде UFC-де өнер көрсету мүмкіндігі үшін айқасқан, алайда Исмаэль Бонфимге есе жіберді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: