Қазақстандық командадағы жеңілмеген файтер UFC турнирінің басты айқасынан қағылды

14 қазан 2022 11:33
©Instagram/movsar_evloev_94

Қазақстандық Arlan MMA Pro Team командасындағы жеңілмеген ресейлік файтер Мовсар Евлоев (16-0) 5 қарашаға жоспарланған UFC Fight Night турнирінің басты жекпе-жегіне шыға алмайтын болды. Бұл туралы "Чемпионат" порталы MMA Fighting журналисті Дэймон Мартинге сілтеме жасап хабарлап отыр. 

28 жастағы Евлоевтің қарсыласы 27 жастағы америкалық Брайс Митчелл (15-0) болатын, бес раундтық айқас Лас-Вегаста өту керек еді. Алайда Евлоевтің жекпе-жекке неге шықпайтыны әлі белгісіз. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: