Единоборства
11 ақпан 2022 17:17

Қазақстандық командада жаттығатын UFC файтерінің келесі қарсыласы анықталды

©UFC

Қазақстандық Arlan MMA Pro Team командасында жаттығу істейтін ресейлік Мавсор Евлоевтің UFC ұйымындағы келесі қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы америкалық инсайдер Брэтт Окамото Тwitter парақшасында жазды. 

Инсайдердің ақпараты бойынша, Евлоев келесі кездесуін 4 маусым күні америкалық Дэн Игеге қарсы өткізеді. 

Айта кетейік, Евлоев UFC ұйымында 2019 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақытқа дейін ол бұл ұйымда бес кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 2021 жылдың маусымында Мовсар жартылай жеңіл салмақта 13-орынға көтерілді. Қаңтар айында ол грузилиялық Илия Топуриямен кездесуі керек еді. Бірақ коронавирус жұқтырып алуына байланысты ол UFC 270 турниріне қатысудан бас тартты. 

Еске салайық, Евлоев 2021 жылдың маусым айында қазақстандық Arlan MMA Pro Team командасына ауысып, тек Ресей емес Қазақстан намысын қорғайтынын да мәлімдеген еді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport