Қазақстандық файтердің Bellator экс-чемпионына қарсы кездесуі ауыстырылды

25 шілде 2022 20:34
© instagram.com/bravemmaf/

DAR Pro Team командасының мүшесі, қазақстандық Асу Алмабаевтың (15-2) Bellator лигасының бұрынғы чемпионы америкалық Зак Маковскиге (21-10) қарсы кездесуі Бахрейнде өтетін болды, деп хабарлайды bravecf.com сайты.

28 жастағы Алмабаев 39 жастағы Маковскимен Brave CF 60 турнирінде аса жеңіл салмақ дәрежесінде кездеседі. Кездесу 30 шілде Бразилияда өтуі керек еді. Алайда коронавирустық шектеулерге байланысты ұйымдастырушылар турнир өтетін жерді ауыстыруға мәжбүр болған. 

Турнирге қатысты толығырақ ақпарат жақын күндері белгілі болады деп күтілуде. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport