Қазақстандық файтер UFC-дегі жекпе-жегіне жақындай түсті

12 қараша 2020 14:47
Сурет: fansided.com

Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Сергей Морозов алдағы күндері UFC-дегі жекпе-жегін өткізуі мүмкін,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Журналист Игорь Лазориннің мәліметінше, Морозов америкалық визасын алды, енді UFC турнирлерінде жұдырықтасуға дайын.

Еске салайық, Морозовтың промоушендегі бірінші жекпе-жегі 24 қарашадағы UFC 254 турниріне жоспарланған еді. Қазақстандық файтер ресейлік Умар Нурмагомедовпен (12-0) жұдырықтасу керек болған, алайда, Хабибтің інісі ауруханаға түсіп қалды.