Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Сергей Морозов алдағы күндері UFC-дегі жекпе-жегін өткізуі мүмкін,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Журналист Игорь Лазориннің мәліметінше, Морозов америкалық визасын алды, енді UFC турнирлерінде жұдырықтасуға дайын.
Еске салайық, Морозовтың промоушендегі бірінші жекпе-жегі 24 қарашадағы UFC 254 турниріне жоспарланған еді. Қазақстандық файтер ресейлік Умар Нурмагомедовпен (12-0) жұдырықтасу керек болған, алайда, Хабибтің інісі ауруханаға түсіп қалды.