Қазақстандық файтер Санжар Тәжиев (4-4) 12 желтоқсанда Алматыда өтетін Nomad Fighting промоушенінің турнирінде өзбекстандық Мухиддин Мамажоновпен (10-2-1) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Тәжиев Алматыда өзбекстандық файтермен кездеседі
Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі мәлімдеді. Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтеді.
Тәжиев үшін бұл қыркүйекте Hype FC турнирінде өткен айқастан кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ. Сол кезде ол грузиялық файтер Торнике Сванидзеге (10-3) есе жіберген еді. Қазақстандық спортшының жарақатына байланысты кездесу бірінші раундта аяқталған болатын.
Мамажонов соңғы жекпе-жегінде нокаутпен жеңіске жетті
Мухиддин Мамажонов октагонға соңғы рет қазан айында IBA Nomad 16 турнирінде шықты. Сол кезде өзбекстандық файтер тәжікстандық Шодруз Давлатовты екінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.
Жарнама