Қазақстандық файтер Артем Резников әлеуметтік желіде пост жариялап, өзін ММА-дің әйгілі жұлдызы Конор Макгрегорге теңеді, деп жазады Vesti.kz.
"Қатарынан екі жеңілістен кейін мықты файтерлер мені жекпе-жекке шақыра бастады. Мен қалпыма келмей тұрып тезірек жұдырықтасып алмақ сияқты, жеңілістен кейін адам моральді тұрғыда түсіп кеткенн біледі ғой. Әйтпесе біздің лигада басқа да топ файтерлер жетерлік. Біздің дивизионда топ файтерлер негізініне солтүстік Кавказдан, бірақ олар бір-бірімен шыққысы келмейді, ал мен олардың көзіне оттай басылып тұрмын. Мен АСА ұйымында UFC-дегі Конор Макгрегор сияқтымын. Әйтеу бәрі менімен шыққысы келіп қалыпты", - деп жазыпты Резников Instagram Stories-те.