Қазақстандық файтер Octagon чемпиондығы үшін айқаста жеңіліп қалды

©Bellator

Алматы төріндегі Octagon 35 және Brave CF 62 турнирінің чемпионы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Кештің басты айқасында қазақстандық Бауыржан Қуанышбаев пен бахрейндік Магомед Магомедов чемпиондық белбеуді сарапқа салды.

Нәтижесінде тартысты жекпе-жек толыққанды бес раунд өтіп, Магомедов жеңіске жетті. Осыған дейін Қуанышбаев лига чемпионы болып келген еді.

Жеңіліс көрмеген Магомедов ММА-да оныншы рет жеңіске жетіп отыр. Өз кезегінде Бауыржан Қуанышбаев болса спорттық карьерасында бесінші рет тізе бүкті. Ол жалпы 13 айқас өткізген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport