Қазақстандық файтер Naiza 55 турниріндегі титулды айқаста жеңді

7 желтоқсан 09:30
©

Астанада өткен Naiza 55 турнирінің басты жекпе-жегінде ең жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Диас Еренғайыпов (14-3) титулын сәтті қорғады, деп жазады Vesti.kz.

Бес раундқа есептелген жекпе-жекте Диастың қарсыласы жапониялық Рюя Фукуда (21-7) болды. Қазақстандық бұл айқаста төрешілер шешімімен басым түсті. 

Осылайша, Диас жеңістер санын он беске жеткізді, сонымен бірге ол карьерасында үш рет жеңілген.

Бұл турнирде Жалғас Жұмағұлов та жұдырықтасып, жапониялық Масато Накамураны мерзімінен бұрын жеңді.

Сонымен қоса, Нұрбек Қабдырахманов AMC Fight Nights ұйымының бұрынғы чемпионы Мухаммед Эминовты жеңіп, жартылай жеңіл салмақта чемпион атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport