MMA
Бүгін 10:18
 

Қазақстандық файтер ММА турнирінде атақты америкалықты күйретті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық файтер ММА турнирінде атақты америкалықты күйретті © fanil_mma в Instagram

Қазақстандық ММА шебері Фаниль Рафиков (25-6) Fight Nights лигасының Гран-при турниріндегі өнерін сәтті бастады. Мәскеуде (Ресей) өткен турнирде ол PFL Гран-приінің екі дүркін жеңімпазы, америкалық Рэй Купермен (25-14-1) кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық ММА шебері Фаниль Рафиков (25-6) Fight Nights лигасының Гран-при турниріндегі өнерін сәтті бастады. Мәскеуде (Ресей) өткен турнирде ол PFL Гран-приінің екі дүркін жеңімпазы, америкалық Рэй Купермен (25-14-1) кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек үш раунд толық өтті. Алғашқы раундта Рафиков қарсыласын нокдаунға түсіпді. Сол сәтте Купер жекпе-жекті техникалық нокаутпен ұтылып қала жаздады.

Фаниль Рафиков жекпе-жек барысында басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен - 30-27 есебімен жеңіске жетті.


32 жастағы Рафикова үшін бұл соңғы 14 айдағы ММА ережелері бойынша өткізген алғашқы жекпе-жегі болды. Осымен ол қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізіп, Гран-при жартылай финалына жолдама алды. Келесі кезеңде ол ресейлік Андрей Гончаровпен (17-4-0-1) кездеседі. Айта кетейік, 2019 жылы АСА лигасында өткен алғашқы жекпе-жекте Гончаров екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Ал 32 жастағы Рэй Купер үшін бұл қатарынан алтыншы жеңіліс болды. Америкалық файтер 2022 жылдан бері жеңіске жете алмай келеді.

Айта кетейік, Фаниль Рафиков пен Андрей Гончаров арасындағы қарымта жекпе-жек Fight Nights Гран-приінің жартылай финалы аясында 2026 жылдың сәуір айында Ресейдің Ростов-на-Дону қаласында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!