Қазақстандық файтер қыз UFC келісімшарты сарапқа салынған жекпе-жекте жеңілді

31 шілде 2019 11:37
Мария Агапова. ©Fight Nights
Әйелдер арасында ММА-ден Қазақстан тарихында алғашқы әлем чемпионы атанған Мария Агапова (6-0) UFC басшысы Дана Уайттың шоуында жекпе-жек өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Лас-Вегастағы Dana White's Tuesday Night Contender Series турнирінің басты жекпе-жектерінің бірінде Агапова америкалық Трэйси Кортеспен (6-1) кездескен.

Бірінші раундта америкалық файтер басым болды. Екінші бесминуттықты да Кортес өз еншісіне жазды. Үшінші раунд партерде өткен, мұнда да Агапова кездесу барысын бақылауында ұстады. Нәтижесінде америкалық спортшы жеңіске жетіп, UFC-мен келісімшартқа отыру мүмкіндігіне ие болды.

Осылайша, бұған дейін алты жекпе-жегінің бәрін жеңген Агапова өз карьерасында алғаш рет жеңілді. Ол кәсіби карьерасын 2015 жылы бастаған.
Метки: