Бірінші раундта америкалық файтер басым болды. Екінші бесминуттықты да Кортес өз еншісіне жазды. Үшінші раунд партерде өткен, мұнда да Агапова кездесу барысын бақылауында ұстады. Нәтижесінде америкалық спортшы жеңіске жетіп, UFC-мен келісімшартқа отыру мүмкіндігіне ие болды.
Осылайша, бұған дейін алты жекпе-жегінің бәрін жеңген Агапова өз карьерасында алғаш рет жеңілді. Ол кәсіби карьерасын 2015 жылы бастаған.