Қазақстандық файтер жүлде қоры 1 миллион доллар турнирге қатысады

28 қараша 2022 19:32
©АСА

Қазақстандық ММА шебері Артем Резников (23:6) әлеуметтік желіде ресейлік Андрей Кошкинмен (22:8) АСА 150 турниріндегі жекпе-жегі алдында үндеу қалдырды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Нақтыланған айқас. АСА 150, турниріне төрт апта қалды. Let's Go", - деп жазды Резников.

Еске салайық, жекпе-жек кеші 23 желтоқсан күні Мәскеуде өтеді. Резников жеңіске жеткен жағдайда Гран-при турнирінің финалында ресейлік Эдуард Вартанянмен кездеседі.

Жалпы бұл турнирдің жүлде қоры 1 миллион АҚШ доларын құрайды. Жеңіске жеткен спортшы 200 мың долларды қанжығасына байлайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport