Қазақстандық файтер Bellator чемпионын жеңгеннен кейін рейтингте жоғарлады

©DAR Pro Team

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (16-2) Brave FC промоушенінде жеңіске жеткеннен кейін fightmatrix.com рейтингінде өз салмағында үш саты жоғарылады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

28 жастағы DAR Pro Team командасының өкілі Бахрейнде өткен турнирде Bellator ұйымының бұрынғы чемпионы америкалық Зак Маковсикді (21-11) жеңді. Бұл жеңістен кейін Алмабаев рейтингте 27 орынға көтерілді. 

Ал рейтингтің көш басында UFC чемпионы бразилиялық Дейвесон Фигередо (21-2-1) тұр. Үздік үштіктің қатарынла мексикалық Брэндон Морено (20-6-2) мен бразилиялық Александр Пантожа (25-5) бар. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: