Қазақстандық файтер AMC Fight Nights чемпиондық жекпе-жегінде нокаутқа түсіп қалды

12 сәуір 2021 09:36
Сурет: instagram.com/arlan.mma.pro

Қазақстандық файтер Гойти Дазаев (10-3-1) ресейлік Дмитрий Бикревтен (13-3-0-1) жеңіліп, жартылай орта салмақта AMC Fight Nights чемпионы бола алмады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәскеуде өткен жекпе-жек үшінші раундтың басында аяқталды. Ресейлік спортшы Дазаевты нокаутқа түсірді. 

Бастапқы екі раундта қазақстандық файтер соққы жасаудан да, белдесуден де басым болып тұрған. Дегенмен, үшінші раундтың басында қазіргі чемпион Дазаевқа бірнеше дәл соққы тигізіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. 

30 жастағы Дазаевтың есебінде енді он жеңіс, үш жеңіліс пен бір тең айқас. 34 жастағы Бикрев 13 рет жеңіске жетті, сонымен бірге, ол төрт рет жеңілген. Тағы бір кездесуі есепке алынбады.