Қазақстандық файтер 90 келі ирандықтың қолын сындырып қоя жаздады

20 ақпан 2023 09:26
©

Octagon лигасының орта салмақтағы чемпионы Керим Даидов титулын сәтті қорғады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматыда өткен Octagon 41 турнирніде Керим бұрын жеңіліп көрмеген Али Садегхимен жұдырықтасты.

Негізгі кардтағы жекпе-жек 90 келі салмақ лимитінде өтті. 

Ирандық спортшы жекпе-жекті жақсы бастады, ол тіпті бір соққымен Даидовты құлатты. Одан кейін мойнына жабысқан чемпионды көтеріп те лақтырды. Алайда Керим бірінші раундтан асырмай қарсыласын ауырту әдісімен жеңді. Бұл тәсілден ирандық спортшының қолына зақым келді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: