MMA
14 желтоқсан 2020 10:01

Қазақстандық Егембердиев UFC-дің экс файтерін бірінші раундта ауыр нокаутқа түсірді

Сурет: instagram.com/evgenii_egemberdiev

Аралас жекпе-жектен Мәскеуде өткен АСА 115 турнирінде жартылай ауыр салмақтағы қазақстандық файтер Евгений Егембердиев британиялық Люк Барнатты нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Үш раундқа есептелген жекпе-жек бірінші раундтың соңында аяқталды. Қазақстандық қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді. Осыған байланысты медицина қызметкерлері октогонға шығып, Барнатқа жәрдем беруге тура келді.

Осылайша, Егембердиевтің есебінде 12 жеңіс, үш жеңіліс бар. Ал британиялық спортшы бұған дейін 15 рет жеңген, кейінгі бес кездесуінде жеңіліп, жалпы жеңіліс саны 10-ға жетті.