Қазақстандық Егембердиев ресейлік промоушенде жеңілмеген файтермен жұдырықтасады

4 маусым 2020 16:42
Қазақстандық Евгений Егембердиев (11-2) ACA (Absolute Championship Akhmat) турнирінде өтетін жекпе-жегінің уақыты белгілі болды.

Ресейлік промоушен ресми афишаны жариялады. Шоу 24 шілде ACA 107 аясында өтеді. Егембердиевтің қарсыласы жеңілмеген ресейлік спортшы Насрудин Насрудинов (8-0) болады.

35 жастағы қазақстандық файтер Алматыда өткен АСА 105 турниріндегі кейінгі кездесуінде польшалық Карол Селинскиді нокаутпен жеңген.



28 жастағы Насрудинов те кейінгі рет Алматыдағы ACA 105 турнирінде, UFC ұйымынң бұрынғы файтері Кори Хендрикстен төрешілер шешімімен басым болды. Айта кетейік, 2017 жылы америкалық Егембердиевті ACB 69 турниінде жеңген болатын. 



Ал ACA 107 кешінің басты жекпе-жегінде Александр Емельяненнко мен Магомед Исмаилов жұдырықтасады. Дегенмен турнирдің орны мен форматы әлі бекітілген жоқ. 

Метки: