Қазақстандық Егембердиев жартылай ауыр салмақта АСА чемпионы атағы үшін жекпе-жекке шығады

2 маусым 2021 09:28
Сурет: instagram

Қазақстандық файтер Евгений Егембердиев жартылай ауыр салмақта АСА чемпиондығы үшін жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы ұйымның әлеуметтік желісінде хабарланды.

Кездесу 16 шілде Сочиде өтетін АСА126 турнирінде болады. Егембердиевтің қарсыласы дағыстандық Муслим Магомедов болады.

"Дағыстандық спортшының рекорды мінсіз. Сауатты құрылған шабуылы арқасында қауіптерді азайтып, қарсыласты қысыммен қажытады. Лигада алты рет жеңіске жетті.

Қазақстан өкілі Евгений Егембердиев аяқта тік тұрып мәмілесіз айқсуды қалайды және ұрда-жық атағымен белгілі, - делінген АСА хабарламасында.

Метки: