Қазақстандық джиу-джитсушылар БАӘ-де жүлдегер атанды

9 қараша 2022 14:57
©kazsports.kz

Қазақстан құрамасы джиу-джитсудан Әлем чемпионатында 2-орын алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан барлық жас санатындағы Әлем чемпионаты аяқталды. Дүбірлі доданы сәтті бастаған қазақстандық спортшылар сол қарқынынан таймай, жалпы есепте 2-орын алды.

Ұлттық құрама еншісінде 22 алтын, 15 күміс, 39 қола  медаль бар.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport