Қазақстандық чемпион UFC басшысы Дана Уайт жеке құттықтағаннан кейін мәлімдеме жасады
Жартылай орта салмақтағы қазақстандық файтер Николай Веретенников (9-3) әлемдегі ең әйгілі жекпе-жек лигасы - UFC-де өнер көрсетуге дайын. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желі арқылы мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"UFC, сіздер үшін дайынмын", - деп жазыпты ол Instagram-да.
Еске салайық, Хьюстонда өткен Fury FC 46 турнирінде қазақстандық файтер америкалық Энтони Айвиді (8-5) бірінші раундта нокаутқа түсіріп, Fury FC промоушенінің чемпионы атанды. Бұл кешке келген UFC президенті Дана Уайт жеңіске жеткен Николайды жеке құттықтап, DWCS (Дана Уайттың үміткерлер сериясына) жарысына шақырғанға ұқсайды. Бұл жарыста өнер көрсетеін спортшылар UFC промоушенінде жұдырықтасу мүмкіндігіне жете алады.
Жарнама