Қазақстандық белгілі спортшы ресейлік блогермен төбелесіп қалды

29 тамыз 2022 19:05
©Fight Nights Global©️

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мұратбек Қасымбай (11-4) ресейлік блогер және поп-ММА файтері Артем Тарасовпен төбелесіп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Болған жайттың видеосын POPMMA SHORTS You-Tube-арнасы жариялады. Оқиға Қазақстандағы турнир кезінде болғаны айтылды. 

Еске салайық, Мұратбек денсаулығына байланысты былтырдан бері жекпе-жекке шыққан жоқ. Октагонға ол биыл қазан айында оралу керек. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport