Единоборства
26 қаңтар 2023 12:15

Қазақстандық актердің атышулы ресейлік файтермен жекпе-жегі туралы жаңа дерек шықты

©instagram.com/erkebulan_toktar

Қазақстандық ММА файтері және актер Еркебұлан Тоқтар Шовхал Чурчаевпен жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды mmafighters.kz. Жекпе-жек OCTAGON лигасында өтуі ықтимал.

"Дереккөздердің мәліметінше, OCTAGON лигасында ММА жекпе-жегін ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Тоқтар мен Чурчаев. Жыл жекпе-жегі Қазақстанда жоспарланған! Кім жеңеді?" – деп жазған басылым.

Айта кетейік, Тоқтар кейінгі айқасында ирандық Джабер Мирзазадені жеңген еді. Жекпе-жек Алматыда OCTAGON 38 турнирінде өтті.

Чурчаев ММА-мен қатар, поп-ММА файтері ретінде танымал. Чурчаев 2020 жылғы жекпе-жектердің бірін қазақстандық Мұратбек Қасымбаймен өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Бұған қоса, Чурчаев ирандық ММА файтері Мохаммад Хейбатиді ұрып-соғып, өлтіремін деп қорқытқан еді.

Олардың арасындағы жанжал 21 тамызда Мәскеуде болған. Подкаст үстінде Чурчаев Хейбатиді кенет басынан ұрып нокаутқа түсірді, содан кейін ол тапанша алып, Мохаммадқа тізеге тұруын бұйырғанинді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport