Қазақстандық Агапованың октагонға қашан оралатыны белгілі болды
© instagram.com/mma.mashka/
Қазақстандық файтер Мария Агапова UFC-ге 31 шілдеде қайта оралады. Бұл туралы промоушеннің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.
Қазақстандық файтер Мария Агапова UFC-ге 31 шілдеде қайта оралады. Бұл туралы промоушеннің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.
Ол АҚШ-тың Даллас қаласында (Техас штаты) UFC 277 турнирінде өнер көрсетеді. Қарсыласы - Оңтүстік Корея елінің спортшысы Джи Ен Ким.
Естеріңізге сала кетейік, Агапова UFC-де төрт кездесу өткізіп, бірінде жеңіске жетіп, келесі жекпе-жегінде ұтылып, соңғы кездесуінде жарақат алған еді.
Жарнама