Қазақстандық Агапова UFC-де бесінші айқасын өткізді

18 қыркүйек 2022 13:07
©UFC

Қазақстандық файтер Мария Агапова (10-3) UFC-дегі бесінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) UFC Vegas 60 турнирі аясында Агапова канадалық Джиллиан Робертсонмен (10-7) кездесті.

Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек екінші раундта аяқталды - Робертсон қылқындыру әдісімен жеңді.

Еске салайық, 25 жастағы Агапова бұған дейін UFC-де екі рет жеңіп, екі рет жеңілген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport