UFC промоушені келесі жылы Қазақстанда жекпе-жек кешін өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі "Вестник ММА" телеграм арнасына сілтеме жасап.
"Қазіргі таңда UFC-мен Қазақстанда кеш өткізу турасында келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Шамамен 2023 жылдың соңында немесе 2024 жылы өтуі мүмкін", - дейді Naiza лигасының президенті Нұрбек Қарабала.
Еске салайық, осыған дейін қазақ жерінде UFC турнирі 2020 жылы өтуі тиіс еді. Алайда аты жаман аурудың (коронавирус) әлемді шарлауына байланысты кейінге шегерілді.