Единоборства
5 маусым 13:32
 

Қазақстанда Генри Сехудоға бір жыл өміріне жететін гонорар төлеген

  Пікірлер

blog.share

Қазақстанда Генри Сехудоға бір жыл өміріне жететін гонорар төлеген ©Zuffa LLC

UFC-дің екі салмақтағы бұрынғы чемпионы амеркиалық Генри Сехудо (16-5) Астанада өткен Alash Pride FC 108 турниріндегі жекпе-жегі туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

UFC-дің екі салмақтағы бұрынғы чемпионы амеркиалық Генри Сехудо (16-5) Астанада өткен Alash Pride FC 108 турниріндегі жекпе-жегі туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бір белдесіп, қыруар ақшаны өзімен алып кетті

Еске салсақ, Сехудо грэпплинг ережелері бойынша жекпе-жекке шығып, қазақстандық үздік спортшылардың бірі, ONE Championship ұйымының бұрынғы чемпионы Қайрат Ахметовпен (27-2) кездесті. Белдесу нәтижесінде америкалық файтер 8:5 есебімен жеңіске жетті.

Сехудо Pound 4 Pound подкастында Қазақстандағы сапарынан алған әсерімен бөлісті:

"Шынымды айтсам, мен бұл шараға жай ғана қатысу үшін келгенмін. Бірақ маған: “Генри, рингке шықшы” деп ұсыныс жасады. Бастапқыда бас тарттым: көзім әлі толық жазылмаған, физикалық дайын емеспін дедім. Бірақ маған соманы көрсеткенде - бірден келістім", – деді ол.

Сехудо ұсынылған қаражат көлемі мен сыйлықтарға таң қалғанын жасырмады. 

"Қанша төлегендерін айтқым да келмейді. Бұл – өте көп ақша. Маған сонша сыйлық берді, бір жыл бойы қамсыз өмір сүре аламын. Барлығы керемет өтті", – деп қосты UFC файтері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!