Единоборства
2 наурыз 2022 13:11
 

Қазақстан тумасының орнына дос Аньоспен кімнің жекпе-жек өкізетіні белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан тумасының орнына дос Аньоспен кімнің жекпе-жек өкізетіні белгілі болды ©UFC. Рафаэль дось Аньос

Бразилиялық файтер Рафаэль дос Аньос UFC ұйымындағы келесі кездесуін отандасы Ренато Мойканоға қарсы өткізеді. Бұл туралы UFC-дің баспасөз қызметі хабарлады. 

blog.share

Бразилиялық файтер Рафаэль дос Аньос UFC ұйымындағы келесі кездесуін отандасы Ренато Мойканоға қарсы өткізеді. Бұл туралы UFC-дің баспасөз қызметі хабарлады. 

Негізі дос Аньоспен Қазақстанда дүниеге келген әзірбайжандық Рафаэль Физиев жекпе-жек өткізуі керек еді. Бірақ ол коронавирус жұқтырып алыпты. 

Соңғы мәрте Физиев UFC Vegas 44 турнирінде өнер көрсетіп, Жаңа Зеландия елінің өкілі Брэд Ридделден айласын асырды. 

Ал дос Аньос болса ақырғы рет 2020 жылдың қарашасында жекпе-жек өткізіп, америкалық Пол Фелдерден үстем түсті.

Бұл Физиевтің карьерасындағы ең маңызды кездесу болу керек еді. Айта кетейік, Рафаэль негізі Қордайда (Жамбыл облысы, Қазақстан) дүниеге келген. UFC ұйымында алғашқы кездесуін 2019 жылы өткізді. 2021 жылдың 14 қазанына дейін ол Қырғызстанның намысын қорғады. Қазір Әзірбайжанның атынан шығады. 

Мойкано болса соңғы рет 2022 жылдың 13 ақпанында Александр Эрнандеспен кездесіп, қылқындыру әдісімен жеңді. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!