Қазақстан тумасы UFC-де қарсыласын бір соққымен есінен тандырды

5 желтоқсан 2021 13:11
©instagram.com/ufcrussia

UFC промоушенінің кезекті турнирінде Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 44 турниріндегі басты айқастардың бірінде оның қарсыласы Жаңа Зеландия өкілі Брэд Ридделл болды. Физиев оны үшінші раундта айналып теуіп, есінен тандырды.

Осылайша, Рафаэль UFC-дегі алты айқасының бесіншісінде басым түсіп отыр.

Еске салайық, бұл кештің кардында қазақстандық Жалғас Жұмағұлов нокаутпен жеңілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport